Балалар үйінде 11 бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
Павлодар облысындағы балалар үйінде 11 бала педофилдің құрбаны болғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Асырап алған отбасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздың оқиғасынан кейін облыстағы барлық мемлекеттік мекемелердің тәрбиеленушілері тексеріліп жатыр.
Алғашқыда жыныстық зорлық-зомбылықтың 6 құрбаны анықталса, қазір 11 жағдай белгілі болды. Бір отбасында әр уақытта төрт баланы анасымен бірге тұратын сүйіктісі зорлаған. Болған жағдайдан кейін кәмелетке толмаған балаларды отбасыдан алып алды.
Полиция 8 жағдай бойынша соотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 3 жағдайдың құрамында қылмыстың құқық бұзушылықтың бар-жоғын анықталып жатыр.
Балалар үйінде медициналық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ тек 10 жасқа дейінгі балалар медициналық тексеруден өтіп жатыр.