Діни-экстремистік идеологияны насихаттаған күдікті ұсталды

1 386

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Halyq UniАтырауда «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратты деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталған азаматтың мешіттерде діндар жастармен әдейі кездесіп, үйлеріне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттағаны анықталған.


Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде сот шешімімен тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. 44 жастағы күдікті бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Экстремизмді іске асыруға байланысты сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу белгілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүдессіне сәйкес жариялауға жатпайды.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.