Құбыр жарылып 10 жасар баланың аяғын күйік шалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Екібастұзда жылу желісіндегі апат салдарынан 10 жасар оқушының күйік алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция басқармасы мәлімдеді.
"Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", – делінген хабарламада.
Жансақтау бөлімінде жатқан балаға медициналық көмек көрсетілуде.
Қаз
Рус






