Құбыр жарылып 10 жасар баланың аяғын күйік шалды

1 363

Фото: Zakon.kzЕкібастұзда жылу желісіндегі апат салдарынан 10 жасар оқушының күйік алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция басқармасы мәлімдеді.

"Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", – делінген хабарламада.

Жансақтау бөлімінде жатқан балаға медициналық көмек көрсетілуде. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.