Көліктерді заңсыз тіркеген 2 адам сотталды

1 354

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАқмола облысында 55 көлікті заңсыз тіркеген екі адам бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.


«Тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталды. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырған», – дейді ведомство.

Салдарынан мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«Кінәлі екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – дейді агенттік.

Сонымен қатар соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.