Жаңа жыл мерекесінде отшашулардың кесірінен 63 қазақстандық жарақат алған

1 387

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comЖаңа жылдық мерекелер кезінде Қазақстанда пиротехникалық заттарды пайдалану салдарынан 63 адам зардап шекті, оның ішінде 20-сы бала, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

4 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде бес бала ауруханаға жатқызылды. Ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаторлық ем алып жатыр.

Алматыда 19 адам, Жамбыл облысында 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкентте алты адам жарақат алған. Ақтөбе облысында – екі адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – бір адамнан зардап шеккен.

Зардап шеккендердің барлығына көз жарақаты, қасаң қабықтың күюі, күйік және қолдың жарақаты диагнозы қойылды. Науқастардың бірі іштің алдыңғы қабырғасының жарақатын алған, жағдайы орташа ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге толық медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.