Енесінің үстінен арыздарнған күйеу бала 10 күнге қамауға алынды

1 350

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comПавлодарда тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді деп енесіне арызданған ер адам 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Деректерге сүйенсек, ер адам полицияға енесінің үстінен бірінші арызданған. Алайда соңында өзі жауапкершілікке тартылды. 

Оқиға бойынша отбасы күндіз үйде қонақтармен жиналып, жаңа жылдық мерекені атап өткен.

Мереке барысында тұрғындар арасында дау туындап, жанжалға айналған. Әйел жанұялық жанжал шығарған күйеу баласының әдепсіз әрекеті туралы айтты. Ер адам балағат сөздер айтып, физикалық күш қолданып, қауіп төндірген. Өз кезегінде күйеу баласы қайын енесіне шағымданып, оны барлық сәтсіздіктер үшін айыптады.

Сауалнама барысында қонақтар күйеу баласының кінәлі екенін түсіндіріп, әйелді қолдаған. Ол мас күйінде жанжал шығарған.

Тараптардың барлық дәлелдерін тыңдап, полиция қызметкері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін ер адамды жауапқа тартты. Материал сотта қаралып, сот күйеу баланы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.