Әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін құтқарып қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқиға 28 тамыз күні сағат 18:40 шамасында Нұршашқан шағынауданындағы «Достық» дүкенінде болған. Сол жерде демалыста жүрген майор Хасен-Сұлтан Сарсенбеков бойжеткеннің сағызға қақалып, тыныс ала алмай қалғанын байқап, дереу алғашқы көмек көрсеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметкердің жедел әрі дұрыс әрекетінен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сарсенбеков – 97617 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі дивизион командирі орынбасары. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған.
Қаз
Рус






