БАСТЫ МАҚСАТ – ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
2024 жылы халықты жұмыспен қамту мақсатында облыс әкімімен "2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту жол картасы" бекітілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аталған жол картасы аясында 46 475 жұмыс орнын ашу жоспарланса, нәтижесінде 49 307 жұмыс орны ашылып, жоспар 106,1 пайызға орындалды. Ашылған жұмыс орындарының 64,1 пайызы жаңа жұмыс орындарының үлесін құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев айтты.
Қаз
Рус






