Павлодарлық әйел 5 метрлік жардан құлап кеткен

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИТЖМ құтқарушылары 5 метрлік жардан құлаған егде әйелге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

8 қарашада Павлодар қаласында А. Бөкейхан көшесінде 1945 жылы туған егде әйел адам Ертіс өзенінің жағасындағы жардың бойымен серуендеу кезінде, абайсызда төменге құлап кеткен.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, зардап шеккен әйелдің орналасқан жерін анықтап, құтқару жұмыстарына кірісті.

Жер бедерінің күрделілігі мен жардың биіктігін ескере отырып, әйелді эвакуациялау үшін альпинистік жабдықтар пайдаланылды.

Арнайы жабдықтар мен зембілді қолдана отырып, құтқарушылар әйелді шамамен 5 метр биіктіктен жоғары көтерді. Зардап шеккен әйел қауіпсіз жерге жеткізіліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.