Елімізде көпбалалы отбасыларға жаңа салық жеңілдіктері енгізілді

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҚазақстанда көпбалалы отбасылар табысын салықтан босатуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Uchet.kz сайтының мәліметінше, 2025 жылдан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылардың табысын салықтан босатуға мүмкіндік беретін жаңа жеңілдіктер күшіне енді. Жеңілдіктер ата-аналардың екеуіне де қолжетімді, алайда шегерім 282 айлық есептік көрсеткіштен (1 108 824 теңге) аспауы шарт.

Мәселен, бір ата-анаға ай сайын 23 АЕК (90 436 теңге), ал екеуіне 12 АЕК-тен (47 184 теңге) жеңілдік қарастырылған. Бұл төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арналған.

Салық кодексінің 342-бабына сәйкес, жаңа шегерімдер міндетті зейнетақы аударымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары және басқа да жеңілдіктермен бірге қолданылуы мүмкін. Жалпы, шегерімдердің сомасы жылына 564 АЕК-ке дейін (2 217 648 теңге) жетуі ықтимал.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.