Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 338

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚызылорда облысында қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан аса ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.

Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады.

"Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.