Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылып жатыр

1 350

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

 Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.