Боранды түні үш мыңға жуық адам жолда қалды

1 366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚарағанды облысындағы жолдардағы боран мен көктайғақ салдарынан Астана мен Алматы бағыттарын қоса алғанда 3 мыңға жуық адам жолда қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, өңірде алты жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

Жабық учаскелерде барлығы 1418 көлік жиналған, оның ішінде:

508 жеңіл көлік,

900 жүк көлігі,

10 автобус.

Бұл көліктерде барлығы 2924 адам бар.

«Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олар ыстық тамақ және ауызсумен қамтамасыз етілуде. Қажет болған жағдайда жылыту және түнейтін орындарға жеткізіледі. Қазіргі уақытта жол бойындағы кафе, мешіттер мен интернаттарға 144 адам орналастырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс жолдарында 35 автопатруль және 74 полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.