Көлден балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 68 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИ68 жастағы ер адам Жарлыкөлге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған. Оның мәйіті екі метр тереңдіктен табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Зейнеткер Жарлыкөлге балық аулауға кеткен. Кешке үйіне оралмаған соң, туыстары алаңдап, көмекке жүгінген.

Ер адамды іздеуге полицейлер, құтқарушылар және маңайдағы ауылдардың тұрғындары қосылған.

Көл жағасынан шамамен 100 метр қашықтықта жоғалған адамның резеңке қайығы табылған. Оның ішінде етігі мен бас киімі болған.

Сүңгуірлер балықшының мәйітін келесі күні таңертең судың екі метр тереңдігінен тапты.

Белгілі болғандай, ер адам балық аулауға құтқару кеудешесін кимей шыққан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.