Көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған сәби табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыдағы екі қабатты үйдің тұрғындары кіреберістің екінші қабатында, бір пәтердің есігінің алдында жаңа туған қыз баланы тауып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сенсек, оқиға бейсенбі күні күндіз болған. Шошып кеткен адамдар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Баланың анасының кім екені әлі анықталған жоқ, оны іздестіріп жатыр.
Қаз
Рус






