Қызылордада жаңа бокс клубы ашылатын болды

1 420

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: kfb.kzҚызылорда облысы спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірде жаңа бокс клубы ашылатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысы бұл ақпаратпен жақында Сыр өңіріне барған журналист Аслан Каженовтың youtube арнасына берген сұқбатында бөлісті.

“Қазіргі таңда “Тарлан” спорт кешенін басқарманың теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселені артынан қалмай жүріп бітірдім. Жоспарлар сәтімен болса келесі айда Қызылордада бокс клубы ашылады”, – деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

Жаңа бокс клубының басшылығына Артаев қызылордалық танымал боксшыларды қарастырып жатқанын айтты. Әзірге ең басты таңдау Токио олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа түсіп тұрғанын жасырмады.

“Спорт клубының басшылығына қызылордалық спортшыларды қарастырудамыз. Жақын уақытта Қамшыбек Қоңқабаевқа ұсыныс жасаймыз. Ол кісі елге қызмет жасаймын десе міндетті түрде қолдау болады. Одан бөлек Құлахмет Тұрсынбай мен Руслан Сыбаевты да шорт-листке қосып қойдық”, – деді Артаев.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.