Қызылордада жаңа бокс клубы ашылатын болды
Қызылорда облысы спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірде жаңа бокс клубы ашылатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басқарма басшысы бұл ақпаратпен жақында Сыр өңіріне барған журналист Аслан Каженовтың youtube арнасына берген сұқбатында бөлісті.
Жаңа бокс клубының басшылығына Артаев қызылордалық танымал боксшыларды қарастырып жатқанын айтты. Әзірге ең басты таңдау Токио олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа түсіп тұрғанын жасырмады.
Қаз
Рус






