Елімізде оқитын ауған студенттері Қазақстан билігінен көмек сұрап отыр

270

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Олар министрлікке жазған хатында Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қазақстанда қала тұруды өтінген.

Алматы қаласына 7 жыл бұрын оқуға келген Фазыл Бахигтің виза мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалды.

Ол туған жеріне қайтқысы келмейтінін айтады. Өйткені, студенттің сөзінше, тәліптер басып алған елді үрей билеген.

Ауғанстандағы жақындары да қорқынышта өмір сүріп жатыр.

"Ауғанстанды "Талибан" жауынгерлері жаулап алды. Бұл өміріміз үшін аса қауіпті. Бізге Қазақстанда тұру үшін рұқсат берсе. Виза ма, әлде басқа құжат па, оны өздері шешеді. Мемлекетіміз қайта қалпына келсе, соғыс бітсе, біз туған жерімізге қайту туралы өтініш жасаймыз. Қазір Ауғанстаннан тек қана біз ғана емес, көптеген халық қашып жатыр", - дейді Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің магистрі Фазыл Бахиг.  
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.