5 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

1 594

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Almaty.tvАқтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды", - деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы қауіптен сақтамайтынын естен шығармаңыз
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.