Металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ТЖМАлматы облысында Іле ауданындағы металл қабылдау бекетінде белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі барған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнынан қаза тапқан үш адамның денесі табылды.

“Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда”, – делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.