Мұғалім әріптестерінің атына 3,6 млн теңге несие рәсімдеген

1 564

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: microloans.kzОл 2024 жылдың қарашасы мен 2025 жылдың наурызы аралығында қызметкерлердің дербес деректеріне қол жеткізіп, олардың атына түрлі микроқаржы ұйымдарынан онлайн-қарыздар рәсімдеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кәсіподақ тарапынан материалдық көмек көрсету сылтауымен қызметкерлерді алдап, микроқаржы ұйымдарында онлайн бейне-верификациядан өткізген. Мектеп қызметкерлері оған сеніп, кәсіподақ көмегін алу рәсімінен өтіп жатырмыз деп ойлап, айтқанын орындаған. Кейіннен мақұлданған қарыздар күдіктінің банктік шотына аударылған.

Қарызға алынған ақшалай қаражаттың болмашы бөлігі мектеп қызметкерлеріне материалдық көмек ретінде беріліп, қалған соманы өз қалауынша жұмсаған.

Нәтижесінде күдікті келіншек қылмыстық әрекеттерінен микроқаржы ұйымдарына жалпы сомасы 3,6 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот сотталушының жеке басын, жасалған әрекеттердің қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың ішінара өтелуін ескере отырып, күдіктіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын, жаза мерзімінің бүкіл кезеңіне пробациялық бақылау белгілеумен, сондай-ақ 5 жыл мерзімге кәсіподақ басқарма төрағасы лауазымдарын атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңының 3-бабы 4-тармағына сәйкес сотталған С.-ның жаза мерзімі бестен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті өтеуге 2 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.