ШҚО-да сот сараптамасы орталығының басшысы марқұмдардың туыстарынан пара алғаны үшін сотталды

276

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында сот сараптамасы орталығының басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол пара алғаны үшін сотталды.

сотталушы қайтыс болғандардың туыстарына сараптаманы жедел жасау қызметін ұсынып, пара алған.

Телеарна ақпаратына сәйкес, орталық басшысы бұл қызметі үшін 128 мың теңге сұраған. Сондай-ақ, ол марқұмды жууға және киіндіруге көмектескені үшін ақша алған.

Сонымен қатар, сотталушы бұл әрекеттерге тағы 4 санитарды тартқаны хабарланып отыр. Бір жыл ішінде олар 1,5 миллион теңге тапқан.

Айыпталушыларға қатысты сот үкімі Өскемен қаласының №2 сотында үкім оқылды.

"Сот үкімімен сот сараптамасы орталығының басшысы және оған осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға көмектескен 4 адам кінәлі деп танылып, сотталды. Орталық басшысына көмектескен 4 адамның әрқайсысының бір жылға бас бостандығы шектелді. Ал сараптама орталығының басшысының өзі қылмыстық заңбұзушылықтардың жиынтығы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды", – дейді Өскемен қаласы №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Тельман Әлімханов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.