Қазақстандықтарға 10 сотық жерді тегін берудің тәртібі өзгерді

1 456

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: DifferR/shutterstock.comҚазақстандықтарға берілетін 10 сотық тегін жер енді тек инфрақұрылым тартылған аймақтардан ғана үлестіріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сөйтіп су мен жарық келмеген жерлерге үй салуға рұқсат жоқ.

Мәліметтерге сенсек, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлер су құбыры мен электр желісі тартылған аумақтардан ғана беріледі. 

Бұған дейін мұндай талап болған жоқ. Сәйкесінше 4 миллионнан астам қазақстандық өзі қалаған аймақтан жер белгілеп, өтініш берген. Енді олардың көрсеткен аумағында дәл осы желілер тартылмаса, кезек жылжи бермек. Аталған ауыл, ауданда міндетті түрде су мен жарық болу керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, бұрынғы кезекте тұрған азаматтардың кезектілігі сақталады, қайта өтініш беруді қажет етпейді. Кезекте тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында, арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.

Сонымен қатар ережеде жер өтініш арнайы есепке қойылғаннан кейін беріледі делінген. Ал арнайы есепті жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Егер аймақ үй салу мақсатында пайдаланылмаса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Айта кетейік, жаңа талаптардың өзгеруі азаматтарға жер кезексіз берілмеу үшін жасалып отыр.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.