Зорлық ісінде ауыр жарақат “жеңіл” деп бағаланды

2 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: shutterstockШымкентте бойжеткенге жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Алғашқы сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денесіндегі ауыр жарақатты “жеңіл” деп бағалаған. Заңгер Айгүл Орынбек бұл қорытындыға келіспей, комиссиялық сараптама тағайындауды сұрап отыр, бірақ тергеуші өтінішті қанағаттандырмаған.

Заңгер видеоматериалды әлеуметтік желіде жариялап, іс бойынша әділ шешім қабылдануына қоғам назарын аударғысы келетінін айтты. Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, қосымша дәлелдер жиналуда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.