Балабақша тәрбиешісі 4 жастағы баланы тұншықтырған

1 377

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАлматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. 

Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

Алматы қаласы Полиция депаратменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полициядан.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.