Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

2 163

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ғаламторданБас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«2025 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1) және 2) тармақтары бойынша («Азаптау») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Игоревна Кексельді күдікті ретінде таныды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, Олеся Кексель бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.