ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Pixabay.comСемей қаласында 27 жастағы азамат жасанды интеллектінің көмегімен жалған сурет жасап, оны полицияға жолдаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылған. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17- ші наурыз күні сағат 20:00 шамасында call-орталыққа «Гастелло көшесіндегі өндірістік цех су астында қалды» деген хабар түскен. Жедел қызметтер дереу оқиға орнына аттанғанымен, ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Тексеру кезінде хабарламаның жалған екені анықталған. Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартқан.

Полиция тексерісінің қорытындысына сүйенсек, азамат жіберген суреттер нейросет арқылы жасалған. Қоғам мен қызметкерлерді адастыратын жалған хабарлама құқық қорғау органдарының назарын аударған. Семей тұрғынына жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жаза қолданылды. Полиция департаменті мұндай материалдарды әзіл ретінде жасаған адам да заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Ведомство азаматтарды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы жасалған контентке мұқият қарауға шақырған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.