ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Семей қаласында 27 жастағы азамат жасанды интеллектінің көмегімен жалған сурет жасап, оны полицияға жолдаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.
Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылған. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17- ші наурыз күні сағат 20:00 шамасында call-орталыққа «Гастелло көшесіндегі өндірістік цех су астында қалды» деген хабар түскен. Жедел қызметтер дереу оқиға орнына аттанғанымен, ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Тексеру кезінде хабарламаның жалған екені анықталған. Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартқан.
Полиция тексерісінің қорытындысына сүйенсек, азамат жіберген суреттер нейросет арқылы жасалған. Қоғам мен қызметкерлерді адастыратын жалған хабарлама құқық қорғау органдарының назарын аударған. Семей тұрғынына жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жаза қолданылды. Полиция департаменті мұндай материалдарды әзіл ретінде жасаған адам да заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Ведомство азаматтарды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы жасалған контентке мұқият қарауға шақырған.







