Ер адам баланы балконнан лақтырып, енесін пышақтап тастады

362
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.


Ер адам төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберіп, енесін пышақтап тастады. Полицейлер жеткенде 7-қабаттан секіріп кетті.

Көршілерінің айтуынша, ер адам құмар ойындарға әуестеніп, миллиондаған қарызы болған. Ер адамның әйелі де зардап шеккен. Ол үйден қашып шығып, төмендегі пәтерлерге көмек сұрауға барған.

Баланың денесін бірінші қабаттағы өз балконының астынан көршісін көрген. Астана тұрғыны сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде айтып берді.

Таңертең сағат 5 шамасында олар біздің есігімізді қақты. Ашсам бет-аузы қан-қан әйел тұр. Күйеуімнің есі ауысты, ол игроман, мені соққыға жықты. Қолына түскен нәрсенің бәрімен, үтікпен ұрды, деді. Қолына пышақ алғанда қашып кетіп, сіздерге келдім, деді. Мен киініп, үйден ұшып шықтым... Балконымның астында – кішкентай бала, айналасы қан, – деді куәгер.

Астана полициясы 5 ақпанда 102 арнасына отбасылық жанжал болып жатыр деген қоңырау түскенін хабарлады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу мен сараптамалар жүргізіледі.



Көршілердің айтуынша, бұл отбасы сырттай сабырлы, тату болып көрінген. Ерлі-зайыптының үш баласы болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.