Beeline интернет тарифінің бағасын қолдан өсіргені анықталды

1 381

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Kartinkin.netБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Beeline операторы тұтынушылардың заңды құқықтарын шектегенін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, "КаР-Тел" ЖШС (Beeline) тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.

"Beeline компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абонент үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген. 2024 жылғы 19 қарашада департамент Beeline компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді", - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды:

-  егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с-тан аспайтын интернетпен қамтамасыз ету;

-   қосымша ақылы қызметтерсіз жылдамдығы 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосылу.

Агенттіктің хабарлауынша, бүгінде тиісті хабарлама толық көлемде орындалған. 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады, олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.