Шымкент қаласында полицейлер жоғалған 74 жастағы қарияны тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
25 тамызда Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын жүгініп, 74 жастағы қайын атасы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Альцгеймер дертімен ауыратын атасының қайда екенін білмей дал болған азаматша тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы аулалар мен бейнебақылау камераларын қарап, сұрастыру-анықтау жұмыстарына кіріскен.
Полиция қызметкерлерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде жоғалған қария табылған. Өз кезегінде сақшылардың жедел әрекетіне тәнті болған жоғалған қарияның келіні алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Қаз
Рус






