Шымкент қаласында полицейлер жоғалған 74 жастағы қарияны тапты

194

25 тамызда Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын жүгініп, 74 жастағы қайын атасы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: polisia.kzАльцгеймер дертімен ауыратын атасының қайда екенін білмей дал болған азаматша тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.


Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы аулалар мен бейнебақылау камераларын қарап, сұрастыру-анықтау жұмыстарына кіріскен.


Полиция қызметкерлерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде жоғалған қария табылған. Өз кезегінде сақшылардың жедел әрекетіне тәнті болған жоғалған қарияның келіні алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.