Бір балабақшаға баратын 10 бала ауруханаға түсті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
17 наурызда Жамбыл облысындағы балабақшалардың біріне баратын 10 бала Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түсті. Арнайы жұмысшы топ құрылып, аурудың неден шыққаны анықталып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауданындағы "Нұрай" бөбекжай бақшасына барып жүрген 9 балаға жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.
Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінгі таңда Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастады, барлық сынамалар алынған, қорытындысын күтіп отыр.
Қаз
Рус






