Бір балабақшаға баратын 10 бала ауруханаға түсті

1 896

фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков17 наурызда Жамбыл облысындағы балабақшалардың біріне баратын 10 бала Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түсті. Арнайы жұмысшы топ құрылып, аурудың неден шыққаны анықталып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауданындағы "Нұрай" бөбекжай бақшасына барып жүрген 9 балаға жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.


"Біреуі жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты, оң нәтижелер байқалып жатыр. Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылды. Әкім әр баланың жағдайымен танысты. Жағдай зерделеніп, аурудың неден шыққаны анықталып жатыр", - делінген хабарламада.


Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінгі таңда Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастады, барлық сынамалар алынған, қорытындысын күтіп отыр.


"Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілген. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда", - дейді әкімдіктегілер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.