Жасөспірімдердің әрекеті үшін қала әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылмақ

1 498

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pexels.comТеміртаудағы жасөспірімдердің әрекетінен кейін қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланатын болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ермағанбет Бөлекпаевтың Facebook желісінде хабарлауынша, бүгін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Қарағанды облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысын өткізген.

"Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына кәмелетке толмағандарға тиісінше бақылау жасамағаны үшін қатаң сөгіс жариялауды тапсырдым", - деп жазды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Сондай-ақ жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Біз жасөспірімдер агрессиясына сөзсіз алаңдаймыз және болашақта осындай оқыс оқиғаларды азайту бойынша қосымша шаралар әзірлеуге кірісеміз. Барлық кінәлі қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр", - делінген әкімнің жазбасында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.