АЭС-ті Семей полигонына салу ұсынылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Семей полигоны аймағына салуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысына жолдаған сауалында Лукин атом электр станциясын Абай облысы Курчатов қаласында салуды ұсынды. Оның айтуынша, Семей ядролық полигон болған уақытта атом энергетикасы бойынша ғылыми орталықтар жұмыс істеген.
Бұл орталықтар әлі де қызмет атқаруда, тіпті қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр.
Қаз
Рус






