АЭС-ті Семей полигонына салу ұсынылды

1 366

Фото: pixabay.comСенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Семей полигоны аймағына салуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысына жолдаған сауалында Лукин атом электр станциясын Абай облысы Курчатов қаласында салуды ұсынды. Оның айтуынша, Семей ядролық полигон болған уақытта атом энергетикасы бойынша ғылыми орталықтар жұмыс істеген.

Бұл орталықтар әлі де қызмет атқаруда, тіпті қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр.

«Атом энергетикасын дамытуда Курчатов қаласының рөлі маңызды. Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан, дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі жоғары. Станциялар салуға ғылыми-техникалық қолдау көрсететін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, радиоактивті қалдықтарды сақтауға қажетті ресурстар жеткілікті, су тапшылығы да болмайды», – деді депутат сауалында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.