Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы: онлайн-трансляция

1 559

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: t.me/Jogargy_sotБүгін, 18 сәуірде былтыр қазанда Талғарда кісі қолынан қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінгі сот отырысы сағат 10:00-ге белгіленген. Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сот отырысы Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Айта кетейік, 10 сәуірде марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. 17 сәуірде басты сот талқылауы басталды. Айыпталушылар орнында 9 адам отыр. Олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Басты сот талқылауында Шерзат Болаттың өлімі неден болғаны айтылды. Сондай-ақ кейбір айыпталушылардың бұрын сотты болғаны белгілі болды. Олардың кейбірі тағылған айыппен келіспейтінін, кейбірі кінәсін ішінара мойындайтынын айтты. Бір айыпталушы кінәсін мойындайтынын, алайда істе сәйкессіздіктер барын жеткізді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.