Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

2 369

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.comҚазақстандағы үшінші атом электр станциясын Қытай салады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр министрлер кабинетінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Станцияның өзіндік құны оның жобалық-сметалық құжаттамасы және техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталады. Қазір қандай да бір сандарды айтқым келмейді. Үкіметаралық келісім мен ынтымақтастық нысанына қатысты барлық мәселе қазір ресейлік тараппен келісіліп жатыр.

Содан кейін парламентте ратификациялау кезеңіне өтіп, олар бойынша шешім қабылданады. Бұл туралы келіссөздер барысында айту әлі ерте", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Роман Скляр үшінші АЭС-ті де екінші АЭС сияқты қытайлық компания салады деп отыр. Бірақ болашақ станциялардың орналасатын жерін атамады.

"Қазір Атом энергетикасы агенттігіндегі әріптестеріміз орналасу аумағында жұмыс істеп жатыр. Станция маңында тұрақты сумен қамтамасыз ету көзі өте қажет, электр қуатын тарататын аймақтар да белгіленуі керек. Бұл жақын арада аяқталады. Менің ойымша, биыл бұл станциялардың қайда орналасатынын жарияланады. Тиісті келісімдер пысықталып жатыр. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ", - деді ол.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.