Қызылорда облысында АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

5 051

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар КазангаповАН-2 ұшағы Қызылорда облысына мәжбүрлі түрде қонған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мән-жайды ТЖМ мәлімдеді.

"Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан, бортында 3 адамы бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама түсті. Олардың қайда екені белгісіз болды. Өйткені олармен байланыс болмады", - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылған. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылған.

"Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.