Қызылорда облысының тұрғындары көпір құрылысын жиырма жылдан бері күтіп жүр

418

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты он ауыл округінің тұрғындары Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын күтіп жүргеніне жиырма жылға жуықтапты. Ауыл тұрғындары осы жылдар бойы арғы бетке "Карлан" понтондық паромы арқылы өтіп жүр, бірақ оның қыста қатып қалу, жазда судың аздығы, көктемде су тасқыны сияқты өз қиындықтары бар, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі   "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Өзен Қазалы ауданын екіге бөледі. Бір жағында әкімшілік орталық, жұмыс орындары мен ауруханалар, екінші жағында – егістік алқап және туристер көп келетін көне Жанкент қаласы бар.

Телеарна нақтылағандай, понтондық паром қарама-қарсы жағалаумен байланыстыратын жалғыз байланыс. Айналма жолмен бару 120 шақырым. Қысқасы, понтон арқылы өту қымбат әрі қауіпті.

Жергілікті билік бұл мәселені бірнеше жыл бойы шешуге тырысқанымен, енді ғана іске кірісп жатыр. Жаңа автокөпір құрылысына мемлекет 4 млрд теңге бөледі.

"Нысанның жалпы ұзындығы шамамен 2,5 шақырымды құрайды. Өткел екі жолақты болады. Жобада жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да қарастырылған. Қазір мердігер компания анықталып жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады", - деді Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Мұрат Әбсұлтанов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.