Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

1 721

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай қызметкерлерге арналған танымдық кездесу өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Іс-шара барысында аталған мекеменің заңгері Жалғас Есмаханов “Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер” тақырыбында мазмұнды сөз сөйлеп, қызметкерлерге мемлекеттік нышандар жөнінде жан-жақты түсініктеме берді.

Заңгер өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи мәні мен құқықтық мәртебесіне тоқталып, бұл рәміздердің әрбір азамат үшін қадірлі әрі қастерлі екенін атап өтті. 

Жалғас Есмаханов өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудегі маңызы зор екенін айтып, бұл құндылықтарды жүрекпен сезініп, күнделікті өмірде қолдану қажеттігін алға тартты.

Іс-шара соңында қызметкерлер арасында рәміздерге байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер қызметкерлердің отаншылдық рухын арттырып, елдік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруға сеп болары анық.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.