19 жастағы жігіт сөйлесіп жүрген қызын аса жауыздықпен өлтірген

1 551

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: big-rostov.ruШымкентте 17 жастағы студент Береке Ерланқызын аса қатігездікпен өлтіріп, денесін қорлады деген күдікпен 19 жастағы жігітке қатысты сот ісі басталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокурор Әскербек Пошимовтың сөзінше, қыз күдіктіні қара тізімге енгізіп, қарым-қатынасты үзгісі келген. Бұған шыдамаған жігіт оны өлтіруге шешім қабылдап, базардан арнайы пышақ сатып алып, көлік жалдап, университеттен алып кеткен.

 «Жол бойы екеуі жанжалдасып, қала шетіне тоқтайды. Сол жерде жігіт пышақпен сол жақ көкірек тұсына бір, арқа тұсына екі рет соққы жасап, кейін мойын тұсынан бірнеше рет жарақат салады. Қыздың өлгеніне көзі жеткен соң, оны шешіндіріп, мәйітті қорлаған. Осының бәрін видеоға түсіріп алған», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Кейін күдікті досымен бірге мәйітті қапқа салып, елді мекенге тастап кеткен. Бір күн ішінде марқұмның денесі табылып, күдіктілер ұсталған.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.