19 жастағы жігіт сөйлесіп жүрген қызын аса жауыздықпен өлтірген
Шымкентте 17 жастағы студент Береке Ерланқызын аса қатігездікпен өлтіріп, денесін қорлады деген күдікпен 19 жастағы жігітке қатысты сот ісі басталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Прокурор Әскербек Пошимовтың сөзінше, қыз күдіктіні қара тізімге енгізіп, қарым-қатынасты үзгісі келген. Бұған шыдамаған жігіт оны өлтіруге шешім қабылдап, базардан арнайы пышақ сатып алып, көлік жалдап, университеттен алып кеткен.
Кейін күдікті досымен бірге мәйітті қапқа салып, елді мекенге тастап кеткен. Бір күн ішінде марқұмның денесі табылып, күдіктілер ұсталған.