Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда қаза тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қайғылы оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая ауылында 2 шілдеде болған. 13 жастағы баланың туыстары оның жансыз денесін жазғы ас үйден тапқан. Полиция мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерде бұл жайт қызу талқыланып жатыр. Бір нұсқа бойынша жасөспірімнің өліміне улы түтіндерден улану себеп болуы мүмкін.
Қаз
Рус






