17 жастағы қызға қатарласы айлар бойы қорлық көрсеткен
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ауылдан Астанаға оқуға түскен 17 жастағы қызды қатарласы ұзақ уақыт бойы зорлап, азғындық әрекетін бейнежазбаға түсірген. Қаскөй “полицияға шағымдансаң әлеуметтік желіге масқаралаймын” деп қорқытқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жантүршігерлік жағдай туралы жәбірленушіні ауруханаға ауыр жағдайда түскенде ғана белгілі болды.
Студент қызды зорлаған 17 жастағы бозбала бұл әрекетін әдетке айналдырған.
Оның айтуынша, полиция салғырттық танытып, табысталған айғақтарды жойып жіберген. Студент қыз қазір психологтардың бақылауында. Ал полиция департаменті зорлау бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді. Өзге ақпаратты жария етпеді.
Осылайша, арыз жазылса тергеу ісі алты айдан бері жүргізіліп жатыр. Онсызда зорлық көрген қыз еске түссе есімнен танатын жағдайды тергеушілерге айта-айта аузым талды дейді. Ал әлі күнге күдіктінің бостандықта жүруінен қорыққан бойжеткен ауылдағы ата-анасына қашып кетуге мәжбүр.
Қаз
Рус






