ҰҚК Қызылорда облысында шенеунікті ұстады

2 277

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚазАқпарат / Мухтар ХолдорбековҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деп күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.