Қызылорда облысында кенемен күреске қомақты қаржы бөлінді

2 140

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabayҚызылорда облысында кене энцефалиті бойынша 111 қолайсыз елді мекен бар. Оларды залалсыздандыруға биыл жергілікті бюджеттен 243,6 млн теңге бөлінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, бұл қаржыға 622 мыңнан астам мал, 35 мыңнан астам қора мен суат-шаңлақты көктем және күзде залалсыздандыру жоспарланған.

— Көктемгі дәрілеу жұмысы 9 сәуір мен 14 маусым аралығында жүргізілді. Ұлттық сараптама орталығының тексерісі нәтижесінде оның тиімділік көрсеткіші 98 болды. Ал күзгі залалсыздандыру жұмысы 1 тамызда басталады, — деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

2025 жылдың алғашқы жартысында Конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген белгімен 8 адам ауруханаға жатқызылған. Зертханалық сынама қорытындысында 4 науқаста диагноз расталды. Оның 1-і көз жұмды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.