Қызылордада ер адам интимдік қызмет көрсетуге арналған бөлме ұсынғаны үшін жауапқа тартылды

1 739

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

photopole.ruҚызылордада ер адам интимдік қызмет бөлмесін ұсынғаны үшін жауапқа тартылды. Оған 390 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам саунада жұмыс істейді. Ол бұрын да осындай қылмыс жасап, жауапқа тартылған. Соған қарамастан екі әйелге жыныстық қызмет көрсету бөлмесін ұсынған.


Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, айыппұлмен құтылды.

"М.-ның заңсыз әрекеттері куәгерлердің іс бойынша айғақтарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Құқық бұзушы Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабының 2-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 387 660 теңге сомасында әкімшілік айыппұл тағайындалды", – деді Қызылорда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.